
– Арал теңізін сақтап қалуды Елбасы биік мінберлерден айта бастады. Орта Азия мемлекеттері басшыларын жинап ғасыр жобасын құруда бастамашы болды. Осылайша 2003-2005 жылдары Бүкіләлемдік банктің қатысуымен Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін қайта қалпына келтіру жобасы іске аса бастады. Бұл шешім бір аймақ үшін ғана емес, бүкіл ғалам экологиясы үшін маңызды болды. Сол үшін ғасыр жобасы атауын алды. Бұл жобаның негізгі құрылыс нысаны Кіші Аралды сақтап қалуға негіз болған Көкарал су торабы. Биыл жобаның екінші кезеңі іске қосылды, – дейді Арал аудандық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау кәсіпорнының директоры Файзулла Смағұлов.
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан».