Кызылордада коронавирус жұқтырған ешкім жоқ

303

0

Қытайдан тараған коронавирус инфекциясы Қызылордада тіркелген жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.
Қазіргі күні барлық медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімі және емдеу бөлімшелеріне келушілерге «Коронавирустық инфекцияның» алдын алу бойынша стратегия, алгоритм, брошюралар таратылуда.

Сондай-ақ, барлық стационарларда азайтылмайтын дәрі-дәрмек қоры, дезерітінділер және медициналық бағыттағы жабдықтар толығымен қамтамасыз етілсе, облыс бойынша науқастарды қабылдауға қосымша 190 төсек орынмен қамтылды.

– Короновирустың белгілері тұмауға ұқсайды. Науқас жөтеліп, тұмауратады, кеуде қуысы ауырып, дене қызуы көтеріледі. Сондықтан суық тиюдің белгілері байқалған жағдайда өз бетімен емделмей, дереу медициналық көмекке жүгінуді сұраймыз, – деді басқарма басшысы.

Н.Саниязова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<