\»Мұғалімдерді артық жұмысқа жеккендер айыппұл төлейді\»

390

0

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Жұмаділдаева келді.

Бүгін  Достық үйінде ҚХА ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.Жұмаділдаева «Педагог мәртебесі туралы» заңның негізгі басымдықтарына арналған жиынға қатысып, «Педагог мәртебесі» деген ұғымның мемлекеттік деңгейде көтеріліп, алғашқы қабылданған құжат екенін жеткізді.

Н.Жұмаділдаева «Бұл заң – ұстаз атаулының қоғамдағы беделін көтере отырып, елдегі дәстүрлі білім культін одан сайын жетілдіре түседі. 2021 жылдан бастап педагогтің нормативтік оқу жүктемесі 18 сағаттан 16 сағатқа төмендейді. Бұдан басқа мұғалімдер үшін кешенді әлеуметтік лифт қарастырылған. Бірте-бірте мұғалім мамандығы мәртебелі және берекелі мамандыққа айналады.

Егер мұғалім халықаралық олимпиада, түрлі байқау және спорт жарыстары жеңімпазын  әзірлесе, үш еңбекақы мөлшерінде сыйақы алады. Сондай-ақ, магистр деңгейінде мұғалімдердің жалақысына үстеме қосылады. Қоғам үшін маңызды шарт – педагогтің лайықты жалақысы мен оларға тиісті әлеуметтік пакет. Жалақы педагогтің еңбек өтіліне, дәрежесі мен атағына, лауазымына сай кесте бойынша төленеді. Бұл ретте еңбек демалысы, жүктемесі, медициналық сақтандыру қатаң ескеріледі.

 «Педагог мәртебесі туралы» заңда мұғалімдерді қызметіне қатысы жоқ шараны атқаруды міндетегені үшін айыппұл төлету жағы қарастырылған. Сонымен бірге, аталған заңда кәсіби қызметті жүзеге асыру кезіндегі педагог құқықтары, педагогтің материалдық қамтамасыз ету құқығы, педагогтің көтермелеу құқығы анық жазылып, жеке баптармен көрсетілген»,- дей келе аталмыш заң білім саласына үлкен серпіліс әкеліп, педагогтардың құқықтық және әлеуметтік қорғалуына кепілдік беретіндігін ортаға салды.

Жиын соңында қатысушылар депутатқа өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптарын алды.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<