Маск Twitter желісіне өзгертулер енгізуді ұсынды

505

0

Америкалық кәсіпкер Илон Маск Twitter Blue ақылы жазылушыларының барлығына әлеуметтік желінің расталған қолданушысы мәртебесін беруді ұсынды. Ол бұл идеясын твит арқылы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Twitter Blue жазылушыларының әрқайсысы (яғни, айына $3 төлейтіндер) аутентификация белгісін алуы тиіс» , – деп жазды Маск.
Айта кетейік, ол таяуда Twitter компаниясының ірі акционері атанған. Кәсіпкер желінің АҚШ-тан тыс жерлердегі пайдаланушылары үшін жазылым құны қолжетімділікке сай болуы керегін айтады. Сонымен қатар, Dogecoin криптовалютасы арқылы төлем жасау мүмкіндігі туралы тұспалдады.

Маск жазылым функциясын түбегейлі өзгертуді ұсынды.

«Бағасы айына $2 айналасында болуы тиіс, бірақ алдын ала 12 айға төлем жасалуы керек. Аккаунт қанат белгісін 60 күн өткен соң ғана алады. Ал, парақша алаяқтық немесе спам үшін қолданылса, онда жабылады және төлеген ақшасы қайтарылмайды» , – деді кәсіпкер.

Еске салсақ, өткен күзде Twitter-дің негізін қалаған Джек Дорси компанияның бас директорлығынан кеткен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<