Міндетті техникалық тексеруден өтпеген 34 қоғамдық көлік анықталды

432

0

Қызылордада “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген 34 қоғамдық көлік анықталды.


Өңірде 20-22 қаңтар аралығында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.


Оның барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 219 дерегі, оның ішінде жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзудың 13 дерегі, ҚР-да автомобильмен тасымалдаудың рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынастарда қолдану қағидасын бұзудың 3 дерегі, көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаудың 16 дерегі, рейс алдындағы тексеруден өтпеген 9 жүргізуші анықталды.


Сонымен қатар, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген 34 жүргізуші, ұялы телефонмен сөйлескен 38 жүргізуші, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырған 4, маневр жасау ережесін бұзған 41, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзған 12 жүргізуші анықталып, оларға қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<