ӨМІРІМЕ АЗЫҚ БОЛАРЛЫҚ БІЛІМ АЛДЫМ

405

0

Арманымызға қанат байлап Мәскеуге барғанымыз кеше ғана сияқты еді. Төрт жыл уақыт зымырап өте шықты. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен Ресейдің жоғары оқу орындарына түскен алғашқы қарлығаштар енді аз уақытта қолымызға диплом аламыз. Қазірдің өзінде «бес минутсыз маманбыз» деп айта аламыз.
Мен «Мәскеу болат және қо­рыт­палар институты» Ұлт­тық зерттеу технологиялық универ­си­тетінен «Техно­логия­лық про­­цестерді автоматтандыру» ма­­­­­­ман­­­дығын бітірдім. «Универ­си­тет маған не берді?» дегенге келсек, білім-ғылым тұрғысынан функционалдық, структуралық схемалар құрастыру, «Matlab», «Simulink», «Компас» бағдар­ла­­­маларымен жұмыс жасауды мең­гердім.  Ал Мәскеу мені және дос­тарымды жауапкершілікке, тәр­­тіпке үйретті. Әлемдегі ірі мегаполистердің бірінде өмір сүр­гендіктен, жоспарсыз аяқты аттап басуға болмайтынын түсіндік.
Маусымның 6-сы күні  «Флоат әдісімен шыны қайнату процесін автоматтандыру» тақырыбында диплом жұмысын қорғап, үз­дік баға алдым. Университет ағыл­шын тілін жетік білетін студенттерге өз есебінен «IELTS» сынағын тапсыртқызды. Таңдау­лылардың қатарында болып, сы­нақтан 6 балл жинадым. Ал­ған сертификатым ағылшын ті­лінен емтихан тапсырмастан, авто­мат­ты түрде үздік баға алуыма кепіл болады.
Төрт жыл бойы туған жері­міздің, облыс басшысының қол­дауын сезіндік. Қазақстанның басқа өңірлерінен, көршілес мем­лекет­терден келген студенттер біз­ге қызығып қарайтын.
Елге барғаннан кейінгі жұ­мыс орнымыз дайын. Жыл бойы арнайы құрылған жұмыс­шы топ бізбен ақылдаса оты­рып, түрлі варианттар ұсын­ды. Қысқы дема­лыс кезінде «Қызыл­орда жарығы» мекемесіне ба­рып, ондағы ма­ман­дардың жос­­пар­лары мен бі­­ліктілігін ұнат­тым. Еңбек жо­лым­ды осы жерден бастасам, өміріме азық боларлық тәжірибе жинақтаймын деп ойлаймын.

Еламан МЕҢДІҚҰЛ,
«Мәскеу болат және қорытпалар институты» Ұлттық зерттеу технологиялық
университетінің түлегі.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<