Нұрлыбек Нәлібаев қайда кетті?

2587

3

Қызылорда қаласын сегіз жылдай басқарған Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет басшысының өкімімен Премьер-Министр кеңсесі өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.


Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев 1976 жылы 13 қазанда Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін экономист-менеджер мамандығы бойынша (1997), Қазақ гуманитарлық Заң университетін (2003) заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты.


1997-1998 жылдары «Казахойл-коммерция» ЖШС-нің мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы. 1998-2002 жылдары «Бұлақ», «Стандарт Трейд», «Стандарт Ойл Бейс», «Стандарт Ойл», «Стандарт Ойл Трейдинг», «Стандарт Газ» ЖШС-терінде директордың орынбасары, атқарушы директор, директор. 2002 жылы «Харрикейн Ойл Продактс» ШАҚ Қызылорда бөлімшесінің директоры. 2002-2004 жылдары «Қызылорда Мұнай Сервис» ЖШС-нің бас директоры. 2004-2005 жылдары – «Торговый Дом «ПетроКазахстан» ЖШС филиалының директоры.

2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008 жылдың 8 ақпанынан 2013 жылдың 13 ақпанына дейін Шиелі ауданының әкімі.

2013 жылдың 13 ақпанында Қызылорда қаласы әкімінің қызметіне тағайындалған еді.



Пікірлер:
  • Нұрлыбек Мәшбекұлы Шиелі ауданында бес жарым жылдай басқарды.Ауданның эконмикасын әлеументтік жағыдайын құрылыс денсаулық білім жол салу электр ауданның бүкіл саласын тазалық үлкен деңгейге көтерді.Бүкіл аудан халқы сізге риза.Айналайын жолың болсын әледе ел халық үшін қызметіңді жасаай бер .Сенде білімде күш қайратыңда жетеді.Ақ жол!

  • Нұрлыбек Машбекұлының Шиелі ауданының өсіп-өркендеуіне,көркеюіне қосқан үлесі өте зор.Сіздің еңбекқор,іскер,білікті маман ретінде бағалаймыз. Шиелі халқы сізге дән риза. Жаңа қызметіңізге табыс,отбасына амандық тілеймін.

Пікір жазыңыз