Облыстық театр «Академиялық» мәртебесін алды

523

0

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Қызылорда облыстық Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрына» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 қазандағы №800 қаулысымен «Академиялық» мәртебе берілді.

 – Бұл жаңалық – Сыр елі мәдениеті мен өнерінің деңгейі мен сала мамандарының тынымсыз еңбектерінің жемісі деп білеміз. Театр ұжымына алдағы уақытта да шығармашылық табыстар тілейміз,–деп жазды басқарма басшысы М. Әбуова, әлеуметтік желідегі парақшасында.

 Айта кетейік, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық театры 1955 ж. Еңбекші қазақ ауданы (Алматы облысы) және Қаратал ауданы (бұрынғы Талдықорған облысы) жергілікті театры негізінде ұйымдастырылған.

Театр шымылдығы алғаш Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен ашылған еді. Ал 1960 жылы театр Қызылорда қаласына көшіріліп, 1970 жылы Нартай Бекежановтың есімі берілді. Театрдың іргесін қалаған актерлер Т.Айнақұлов, Ш.Бәкірова, Ж.Бағысова, О.Әбдімомынов, Ш.Әбдібаев, С.Шотықов, Қ.Көпбаева, А.Манасбаев, Ш.Мәрденовтер мен тұңғыш режисері Ж.Әбілтаев есімі өнерсүйер қауымның есінде. Бүгінгі таңда  театрдың режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмір-Темір Хусейін.

Облыстағы бірегей өнер ордасы саналатын Қазақ музыкалық драма театры ұжымы әр жылдары шығармашылық жетістіктерімен танылып, Бүкілодақтық венгр, неміс, КСРО халықтары драматургиясы фестивальдарының  лауреаты  атанды.

                                                                                                                                СБ – ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<