Өңір ардагерлері Президент мақаласына қолдау білдірді

358

0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын талдау үшін өңір ардагерлерінің басын қосқан дөңгелек үстел өткізілді.


Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді Қызылорда облыстық Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев ашып, мақаланың негізіне арқау болған қасиетті де қастерлі ұғымды келер ұрпаққа жеткізудегі ардагерлердің рөліне баса мән берді.


Сонымен қатар, мемлекет және қоғам қайраткері Нәжмадин Мұсабаев, философия ғылымдарының докторы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Баймырза Қожамберлиев және Zoom бағдарламасы арқылы аудан ардагерлері сөз алып, орамды ойларын ортаға салды.


Дөңгелек үстел барысында Мемлекет басшысының мақаласында көтерілген тарихи өзекті мәселелер жан жақты талқыланып, негізгі басымдықтар түсіндірілді.


Қартын қазынасына балаған халқымыздың сара жолынан айнымай, отыз жылдық мерейтойдың Сыр өңіріндегі аталып өтілуінде үлкендердің батасын алған аталмыш шарада ұсыныс-пікірлер тыңдалды.


Шара соңында облыс әкімінің орынбасары тәуелсіздік жылдары Қазақстанды қалыптастыруда ардагерлердің қосқан үлесі үшін алғысын білдіре келе, елдігіміздің тұғырлы болуын тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<