Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасында өсім байқалып отыр

816

0

Биылғы жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасында өсім байқалып отыр. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.


Алғашқы 3 айда әңдеуші өнеркәсіп өндірісі 9,7 %, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,7 %, инвестициялар тарту 7,6 %, құрылыс жұмыстары көлемі 44,0 %, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі 2,5 % артты. Шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысында оң нәтиже бар, жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6,1 % артып, 49090 бірлікті құрады. Айтак кету керек, 2020 жылдың қаңтар-наурызында бұл көрсеткіш 46268 бірлік болды.


Осы қарқынды одан әрі сақтай отырып, жалпы 2021 жылы 456 млрд.теңге инвестицияларын тарту, 644 мың шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға беру, халықты ауыз сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін 98 %, табиғи газға қолжетімділігін 68 % жеткізу жоспарлануда.


Бұл жоспарларға қолданыстағы мемлекеттік бағадарламалар, өңірдің Даму бағдарламасы және ҚР Үкіметімен облыс әкімдігі арасындағы бекітілген Меморандум шеңберінде қол жеткізіледі деп күтілуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<