Орталық Азия елдері Сырдария бассейнінің су шаруашылығы балансын қайта қарауы мүмкін

877

0

Сардоба апатынан кейін Қазақстан Сырдарияның басындағы елдерге өзен бассейнінің су шаруашылығы балансын жасауды ұсынып, хат жолдаған болатын. Әзірге бұл ұсынысты Тәжікстан мен Өзбекстан қолдап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Экология, геология және табиғи ресрустар министрлігіне жолданған сауалдың жауабында бұл істің қазір қандай сатыда тұрғаны баяндалған.


Вице-министрі Серік Қожаниязовтың айтуынша, Сырдария өзенінің бассейнінде орналасқан елдердің нақты қанша су алатынын, сондай-ақ жаңа су шаруашылығы объектілерінің (су қоймаларының, су тораптарының, каналдардың және т. б.) өзен ағысына әсерін анықтау мақсатында қазақстан тарапы Сырдария өзені бассейнінің су шаруашылығы балансын жасау туралы бастама көтерген.


«Ресми түрде Өзбекстан Республикасына, Тәжікстан Республикасына және Қырғыз Республикасының уәкілетті органдарына ұсысын жіберілді. Өзбек және тәжік тараптары қазақстандық тараптың Су шаруашылығы балансын әзірлеу жөніндегі ұсынысын ресми түрде қолдады. Қазіргі уақытта бұл мәселе қырғыз тарапымен пысықталуда. Су шаруашылығы баласын әзірлеу барысында Өзбекстан аумағында қанша су қоймасы салынғаны және олардың техникалық сипаттамалары анықталатын болады», – дейді ведомство өкілі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<