Қызылорда облысының ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова кішкентай көрермендер үшін «Отпен ойнама, балақай!» мультфильмін тарту етті.
Сюжет желісі бойынша балалардың сіріңкемен ойнауының нәтижесінде өрт шығады. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер өрттің таралуын тоқтатады. Балаларға қауіпсіздік қағидалары жөнінде айтылады.
Мультфильмнің суретші-мультипликаторы, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова туындыны әлеуметтік желіге жүктеді. Оны бір күнде 50-ге жуық көрермен көрді. Сұрау нәтижесіне сәйкес анимациялық фильмге 2-15 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер және олардың ата-аналары қызығушылық танытқан.
Мультфильмнің идеясы мен сценарийінің авторы – облыстық ТЖД-нің бас маманы Айгүл Нұрманова. Персонаждарды дыбыстағандар – Жанар Тұрсынбайқызы, Сұлтанбек Бейсенәлиев, Ринат Үсенов. Монтаждау жұмысын Өтеміс Рахат атқарып шықты. Мультфильмнің жарыққа шығуына Қызылорда қаласының тұрғыны Болатбек Жүсіпов демеушілік жасады. Мультфильмде орындалған «Отпен ойнама, балақай!» әнінің сөзі мен әнін жазған және орындаған – Айгүл Нұрманова. Музыкасын өңдеген – Тұрмағанбет Ізбасаров.
https://www.youtube.com/watch?v=dqiTUL0x9g4
Қызылорда облысының ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<