Қызылордада үшем дүниеге келді

835

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев үшемнің ата-анасы атанған Бақытбек Қиясов пен Эльвира Әбдіғаппарованы қуанышымен құттықтықтады. Аймақ басшысының атынан құттықтау хат пен сый-сияпатты облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазылов табыстады.


Облыс әкімі құттықтау хатта нәрестелердің ата-анасына жүрекжарды тілегін білдірген.

– Сіздерді тізгінұстар сәбилеріңіздің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыз «Балалы үй – базар» деп, бар байлық пен берекені баламен байланыстырған.


Дүние дидарына келіп, әулетті қуанышқа бөлеген бауыр ет балапандарыңыз еліне елеулі, ұлтқа адал қызмет етер азамат атансын! Шаңырақтарыңызды қуанышқа кенелтіп жатқан үшемдердің бауы берік, өмір жасы ұзақ болсын! Ата-анасының үмітін ақтайтын, болашағы жарқын, бақытты балалар болып өсіп, ер жетсін! Тойларыңыз тойға ұлассын!, – деп құттықтаған аймақ басшысы.


Айта кету керек, Бақытбек Қиясов пен Эльвира Әбдіғаппарова бұған дейін отбасында 5 бала тәрбиелеп, қазіргі уақытта 8 баланың ата-анасы атанды. Көпбалалы отбасы Сырдария ауданы, Қалжан Ахун ауылында тұрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<