Вагонды паналап келген көпбалалы ана үйлі болды

368

0

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мереке қарсаңында 4 баланың анасы Гүлнар Қалибаеваға баспана кілтін табыстап, отбасын қуанышқа бөледі.

Гүлнар осыдан бірнеше жыл бұрын отағасынан айрылып, 4 баламен жалғыз қалған. Асыраушысынан айрылған отбасының тұрақты баспанасы болмағандықтан пәтер жалдап тұрып келген. Соңғы кезде шарасыздықтан вагонды паналаған.


Осы жанұя туралы алғаш болып жергілікті журналистер мен қайырымды жандар БАҚ беттерінде және әлеуметтік желіде мәселе көтеріп, көпшіліктен көмек сұраған.


Осы жағдайдан кейін, облыс әкімінің тапсырмасымен бұл отбасы әлеуметтік қолдау орталығына уақытша орналастырылса, бүгін тұрақты да жайлы баспананың кілтіне ие болды.
Отбасы мерекесі қарсаңында баспана бақытына бөленген Гүлнар мен балалары аймақ басшысына шексіз алғыс білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз