Құрметті әріптестер!

501

0

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күні­мен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ел игілігі үшін жұмыс істеу» деп ерекше атап өтті. Әрбір дамыған мемлекеттің саясаты мен идеясын жүзеге асырушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. 

Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің айнасы.

Аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық нығаюы, қар­қынды алға басуы да өздеріңіздің аянбай еңбек етулеріңізбен тығыз байланысты. Сіздердің қажырлы істеріңіз ғана елімізді табысты мемлекетке айналдырады.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы қызметтеріңізге абырой, жетістік, отбас­тарыңызға амандық, береке-бірлік, елімізге тыныштық тілей­мін!

Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолын­дағы еңбектеріңіз жемісті болсын!

Құрметпен,

Қызылорда облысының әкімі  Қ.Көшербаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<