Шиелідегі тұрғын үйден көне қылыш табылды

266

0

  Шиелі ауданының орталығында көне заманнан сыр шертетін қылыш табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан орталығы тұрғынының бірі өз ауласына құрылыс жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы техника шақыртады. Техникамен жерді қазу барысында үш метрдей жерден қылыш үлгісіндегі жәдігер табылады. Қылыш жартылай шіріген күйде екен.
Тарихи құндылықты бағалай білген азамат дереу аудандық өлкетану музейінің директоры Өсербек Төребайды шақыртады. Мамандардың айтуынша, бұл жайында әзірге толық жорамал жасауға ертерек.
«Мұндай жәдігерлер толық тексеруден өтеді. Содан кейін ғана нақты шешім қабылдай аламыз. Әзірге бұл бағытта сараптама жұмысын жүргізетін боламыз»,- дейді Ө.Төребай.
Қылыштың жасалу мерзімі 2-3 ғасырға созылуы мүмкін. Одан да арғы кезеңді қамтуы да ғажап емес.
Тарихи жәдігерлерді зерделеп жүретін жергілікті журналист Нұрболат Пірімбеттің айтуынша, қылыш қазақтың ескі соғыс қаруының бірі болуы ықтимал. Зерттеушілер оны мексикалық мачетеге өте ұқсас екенін айтады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<