Шиеліде қар тазалау жұмыстары жүргізілуде

952

0

Шиеліде демалыс күндері толассыз жауған қар аудан көшелерін басып тастады. Көшелер мен тротуарларды қардан тазарту үшін ауданның барлық коммуналдық қызметтері жұмылдырылды.


Қар жауа бастаған сәттен көктайғақтың алдын алу үшін жолдарға, қиылыстарға және жолайрықтың кіреберісетеріне құм мен тұз себілді.


Қазіргі таңда ауданды қардан 4 техника тазалап жатыр. Тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймағы, қоғамдық көлік аялдамалары мен автотұрақ алаңдарын тазарту жұмыстары жалғасуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<