Шиеліде үш адам түтінге уланып қалды

452

0

Шиелі ауданында бір үйде үш адам түтінге уланып қалды.


Оқиға 11 ақпанда сағат 20.55 шамасында болды. Аудан орталығындағы Кәрімбаев көшесінде жеке үйде тұратын отбасы мүшелері қатты отынмен жылыту пешін пайдалану ережесін сақтамаған. Салдарынан отбасындағы үш адам түтінге уланып қалған. 1973 жылғы азаматша мен 2000 жылғы азаматтың жағдайы ауыр деп бағаланды. Ал 17 жастағы жасөспірім қыздың жағдайы алаңдатарлық емес.


«Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 1 техника мен 2 маман барды. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадасынан 3 маман 1 техника келді. Түтінге уланып қалған науқастар аудандық ауруханаға жатқызылды», – деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<