Sony 60 жылда алғаш рет атауын өзгертті

380

0

Түсті теледидарлар мен портатив кассета ойнатқыштарының арқасында әлемге танылған жапониялық SONY корпорациясы 60 жылда алғаш рет Sony Corp деген ресми атауын өзгертті. Ол енді Sony (Sony Group Corp) деп аталды, – деп хабарлайды РИА Новости. Бұл жөнінде Тengrinews.kz жазды.


Сонымен қатар, компанияға кіретін Sony Electronics Corporation, Sony Imaging Products & Solutions Inc., Sony Home Entertainment & Sound Products Inc. және Sony Mobile Communications Inc. топтары енді Sony Corporation деп аталатын бірыңғай компанияға біріктірілді.


Киодо агенттігінің мәліметінше, атаудың өзгеруі Sony шығаратын PlayStation-нің танымалдығын, камералар мен смартфондардағы кескін сенсорларына сұраныс артқанын, анимациялық фильмдер шығару әртараптандырылғанын көрсетеді.


Айта кетейік, бұрынғы Sony Corp. атауы 1958 жылы Tokyo Telecommunications Engineering Corporation атауын өзгерту нәтижесінде пайда болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<