Спорттық жарыстан сынға түсті

1506

0

Отбасы күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында спорттық жарыс өтті.

Олар шағын футболдан, гір көтеруден, арқан тарту  сынды спорт түрінен сынға түсті. Сотталған азаматтар  командаға бөлініп арқан тартудан үш команда, футболдан төрт команда қатысып жарыс көркін қыздырды. Ал гір тасын көтеруден 24 кг. гір тасын 40 рет көтерген С.,есімді сотталған басқа қатысушыларды басып озды.

Арқан тартудан «Орда», «Қыран», «Тұлпар» командалары сынға түсті. Арқан тарту аламаны тартысқа толы болды. Қызықты да тартысты өткен додада «Тұлпар»  командасы І орын алса, ІІ, ІІІ орынды  «Орда», «Қыран» командасы бөлісті. Ал шағын футболдан №2 жасақтың футбол құрама командасы қарсыластарын қапы қалдырып,бас жүлдені қанжығасына байлады.  Жарыс қорытындысымен үздік нәтиже көрсеткен сотталғандар мекеме бастығының  алғысхатымен марапатталды.

«Жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей жүріп түзелу жолына салу, салауатты өмір салтын қалыптастыру  мақсатында, мекеменің тәрбие бөлімі  қызметкерлері әртүрлі тәрбиелілік іс-шара  ұйымдастырып отырады. Бүгінгі шараға қатысушылардың барлығы да белсенділік танытып, өздерінің спортқа деген оң көзқарастарын көрсете білді.Спорттық іс-шараларға қатысқан сотталғандар темір торда телміріп отыра бергенше, әртүрлі қимыл қозғалыстарға түскенде, бойларына қан жүгіріп, санасы сергіп,бостандықтағы мақсаттарына деген талпынысы артады- дейді, мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Қ.Дайрабаев.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<