«Сырдың серке Серігі»

258

0

Бүгін Ш.Төлепова атындағы Қармақшы аудандық мәдениет үйінде халықаралық және республикалық байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегері, айтыскер ақын, доцент Серік Ыдырысовтың 60 жасқа толу мерейтойына орай «Сырдың серке Серігі» атты жыр кеші өтті.

Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Меңлібаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, ақын Т.Досымова, жырау Б. Рүстембеков мерейтой иесіне лебіздерін жеткізді. Кешті жырау С. Жақсығұлов жүргізіп, айтыскер ақындар А.Рахметов пен М.Сүгірбай айтыс өнерінің қызуын қандырып, жиналған жұртшылыққа рухани кеш сыйлады.

Шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<