Танымдық онлайн-конференция өтті

496

0

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастыруымен «Ядролық сынақ және Қазақ даласы» атты ғылыми-танымдық онлайн-конференциясы өтті.

Шараға университет оқытушы-профессорларымен қатар, Ресейдің Томск политехникалық университетінің профессоры Н.Барановская, Дубна қаласындағы Біріккен ядролық зерттеулер институты ядролық процестер зертханасының инженері Д. Азнабаев қатысты.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Б.Пірмантаева конференцияны ашу барысында Қазақстанның тәуелсіз ел ретінде жасаған алғашқы қадамдарының бірі – әлемдегі қуаты тұрғысынан 4-ші ядролық қарудан бас тартуы болғанын атап өтті. Семей полигоны  алаңында 40 жыл бойы 500 ядролық сынақ өткізілгені белгілі. Қазақстан ядролық қарудан өздігімен бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде әлемге  бейбіт даму жолын таныстырып, жаһандық қауіпсіздікке өз үлесін қосты.

Университеттің оқытушы профессорлары баяндамаларында «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының тарихына шолу жасап, аталмыш қозғалыстың күш-жігері арқа­сын­да 1989 жылы жоспарланған  ядролық сы­нақ­ саны азайтылып, атом қаруының сыналуына қарсы ашық түрде жасалған әлемдегі тиімді шаралардың бірі болғанына тоқталды.

Конференция барысында ядролық сынақтар мен оның зардаптары, ядролық техногенез және оның биогеохимиялық көрсеткіштердегі көрінісі  туралы жан-жақты талқыланып, университет және Ресей ғалымдары ойын ортаға салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<