Telegram-да жаңа функция пайда болуы мүмкін

534

0

Telegram мессенджерінде қорғаныс функциясы пайда болуы мүмкін. Функция таңдалған мәтінді жасыруға мүмкіндік береді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Android Police сайтына сілтеме жасап.

Функция мәтін форматын белгілеу түрінде пайда болады. Желі қолданушысы мәтінді жібермес бұрын оның бір бөлігін белгілеп, құпия болуы үшін оған «спойлер» форматын қолданады. Белгіленген мәтін бұлыңғыр болады және хат алушы хабарламаны басқан кезде ғана оқи алады.

ВКонтакте әлеуметтік желісінің бұрынғы баспасөз хатшысы Георгий Лобушкин функция қалай жұмыс жасайтынын мысал ретінде көрсетіп, жазба жариялады.

Telegram-да бұл функция қашан пайда болатыны әлі белгісіз.

Бұған дейін Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров компания жарнамадан түскен пайданы арна әкімшілерімен бөлісетінін айтқан болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<