Тұтынушылардың 7,9 млрд теңгесі үнемделді

246

0

 Халықтың тұрмыс деңгейін қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін коммуналдық қызмет бағаларын реттеудің маңызы ерекше.
Бұл орайда ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментіне жүктелетін міндет маңызды. Департамент басшысы Гүлмира Өтегенова өткен кезеңнің бірнеше түйінді мәселесіне тоқталды.
– Есепті кезеңде табиғи монополия субъектілері рет­­теліп көрсетілетін қыз­мет­терді бекіту туралы 23 өтінім ұсынды. Оның ішін­де 16 өтінім бойынша ұсынылған құжаттардың қол­да­ныстағы нормативтік-құқық­тық актілердің талап­тарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады. 6 өтінім бойынша тарифтер мен тарифтік сметалар бекі­тілді, – деді бізбен әңгі­ме­сінде департамент бас­шысы. – Табиғи моно­полия­лар субъектілерінің өті­нім­дерін қарау бойынша тұтыну­шы­лардың үнемделген сомасы 2019 жыл бойынша 7,9 млрд теңгені құрады.
Сондай-ақ, осы жылдың 1 наурызынан бастап 3 электр­мен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясының шекті бағасы 0,3-тен 0,8 процентке дейін дәлелді қорытындымен төмендетілді, ал жалпы ал­ғанда, жыл ішінде 1-ден 1,3 процентке дейін төмендеді.
Тұтынушылардың құқық­тарын қорғау аясында де­пар­тамент жыл сайын жылумен жабдықтау қызметтері құ­нына сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріле оты­рып қайта есептеу жүр­гізді. Осылайша, өткен жылу кезеңі қорытындысы бойынша тұтынушыларға 80,9 млн теңге қаржы қайтарылды.
Департамент заңнаманың сақталуын бақылау және тұтынушылардың құқы бұ­зы­луына жол бермеу аясында 2019 жылы 53 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 47 табиғи монополиялар туралы заңнама бұзушылық фактілері анықталды.
Анықталған заң бұзушы­лық­тардың алдын алу және жою мақсатында 71 нұс­қама мен 52 қаулы  шы­ғарылып, 67,1 млн теңге айыппұл салын­ды.
2019 жылы қоғамды ақ­параттандыру мен депар­та­мент қызметінің ашықтығын қам­тамасыз ету мақсатында тарифтерді бекітуге өті­нім­­дерді қарау кезінде 6 жария тыңдау, табиғи моно­полия субъектілері инвес­тиция­лық міндеттемелерін орын­дау жөнінде 7 бас­пасөз ту­рын, табиғи моно­полия субъек­тілері мен «Nur Otan» партиясы және «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен тұтынушылар үшін 13 қоғамдық қабыл­дау­­ өткізді. Сонымен қатар 27 брифинг, семи­нар мен жиналыстар ұйым­дас­тырылды.
Бұл жерде, 2020 жыл­дың қаңтарынан бастап тұр­ғындар үшін жылу, сумен жабдықтау және кәріз суды бұру қызметтеріне тарифтер өзгеріссіз, қолданыстағы дең­гейде қалатынын айта кету керек.
Департамент табиғи моно­полиялар субъектілері мен қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері  тарифтерінің не­гізсіз өсуіне жол бермеу жұмыстарын жалғас­тыратын болады.
Ж.ӘЛМАХАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<