Тұғырлы да, ордалы отыз жыл

694

0

           

1995 жылғы Конституция жаңа тұрпаттағы мемлекеттік құрылым қалыптасуына оң септігін тигізді. Халықтың әлеуетімен ғана, мәдениетімен де, рухани құндылығымен да жұмыс жасады. Өркениеттік дамуға сай қос палаталы кәсіби Парламент өз жұмысын бастап, биліктің басқа тармақтарымен ынтымақтасқан заң шығарушы билік қоғам үшін сапалы құжаттарды қабылдауға кірісті.


Елді әділдік, демокртаия жолына бастаған тұңғыш Президент Н. Назарбаев бұрынғының билерін, қазіргінің соттарының жүйесін қатаң бақылауға алды.


Сот жүйесінің алғашқы даму кезеңін ескі кеңестік сот жүйесінен тәуелсіз Қазақстанның жаңа сот жүйесіне көшу уақыты деп сипаттауға болады. Сот жүйесіндегі өзгерістер Қазақстандағы мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріне тармақталып құрылатынын және жүзеге асырылатынын әйгілеген 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» конституциялық заңынан басталса, биліктің тармақталу қағидатын бекітіп берген 1993 жылғы алғашқы Конституция сот билігінің ұйымдасып, қызмет етуінің негізгі принциптерін айқындады.

1994 жылы ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасында құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы» қаулысы шықты. Қаулы жаңа сападағы сот жүйесін құрудың басты бағдарлары енген және оны дамытудың негізгі басымдықтары айқындалған басты тарихи құжат болды. Сонымен бірге Тәуелсіз Қазақ елінің Азаматтық және Қылмыстық кодекстері қабылданды, сот ісі жаңадан қабылданған Азаматтық-процессуалды, Қылмыстық-процессуалды кодекстерге сәйкес жүргізілетін болды.


Қазақстан Республикасы сот жүйесінің қалыптасу кезеңі 1995-2000 жылдар аралығында жүрді. 1995 жылы ҚР Конституциясының және ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» жарлығының қабылдануы сот жүйесі дамуының жаңа кезеңін бастап берді емес пе.
Осылайша сот құрылымының негізгі элементтері мен республика соттарының жұмыс тәртібін айқындап берген жаңа нормалар енгізілді. Бұл алғашқы он жылдықтағы қадамдар еді.

Енді өз саламызға келсек, отыз жылдыққа қарай беталыс кезеңінде ҚР сот жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатын іс жүзінде жүзеге асыру 2014 жылы бірқатар іргелі нормативтік-құқықтық актілердің қабылдануынан кейін басталды. Әсіресе, Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалды және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері сот уәкілдігінің аясын кеңейтті, адамдардың сотқа қол жетімділігін ұлғайтты, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерінің толыққанды орындалуын қамтамасыз етуге жағдай жасады. Сот жүйесін одан әрі дамыту Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» бағдарламасынан көрініс тапты. «Заң үстемдігін қамтамасыз ету» атты 2-бөлім тұтастай сот саласын өзгертуге арналды. Жалпы, 2015 жыл, мамандардың пікіріне қарағанда, Қазақстанның сот жүйесін реформалау жылы болды. Жыл аяғына қарай Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында 59 заң күшіне енді.

Әсел Карбозова,


Қызылорда қалалық сотының судьясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<