УАҚЫТ БЕЛДЕУІН АУЫСТЫРУ ТУРАЛЫ ҮКІМЕТ ҚАУЛЫСЫ

45

0

Облысты 5-ші уақыт белдеуінен 4-ші уақыт белдеуіне көшіру, яғни аймақтағы уақытты есептеудің қолданыстағы тәртібін бір сағат кейінге өзгерту аймақтың табиғи-географиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайына неғұрлым оңтайлы шешім болып табылатыны жайлы облыс әкімдігінің ұсынысы Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тауып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы қабылданды. 
Төменде оқырман назарына Үкімет Қаулысын ұсынғанды жөн көрдік. 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ
2018 жылғы 7 желтоқсан №817 Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тəртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., №49-50, 575-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының аумағы 4-ші жəне 5-ші сағаттық белдеулерде орналасады деп белгіленсін. Республиканың əкімшілік-аумақтық құрылысына сəйкес сағаттық белдеулердің шекарасы Ақтөбе облысы мен Қостанай облысының, Ақтөбе облысы мен Қарағанды облысының, Қызылорда облысы мен Қарағанды облысының, Қызылорда облысы мен Түркістан облысының арасында өтеді.»;
Мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Қызылорда облысының əкімдігі 2018 жылғы 20 желтоқсаннан 21 желтоқсанға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын.».
2. Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі Қызылорда облысының əкімдігімен бірлесіп, осы қаулы күшіне енген кезден бастап халықты Қазақстан Республикасының аумағында уақыт есептеу тəртібі туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.САҒЫНТАЕВ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз