
Салтанатты шараға қатысқан аудан басшысы Әшім Оразбекұлы бірқатар сала үздігі деп танылған азаматтарды марапаттап, мерекемен құттықтады.
«Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздер қиын сәттерде қарапайым халықтың арқа сүйер сүйеніші әрі әділеттіліктің жаршысы бола білдіңіздер. Алдағы уақытта да шиелілік полиция қызметкерлері аудан тұрғындарының құқықтарын қорғап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға барлық күш-жiгерін жұмсайды деген сенiмдемiн», – деді Ә.Оразбекұлы.
Мерекелік шара соңы арнайы жасақ құрамы көрсеткен әскери қойылым-концертке жалғасты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<