Қылышбай Бисеновке «Құрметті ректор» атағы берілді

340

0

Ғылыми кеңестің шешімімен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының кандидаты Бейбіткүл Кәрімова облыстық мәслихаттың хатшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисеновке «Құрметті ректор» атағын табыстады.
Қылышбай Алдабергенұлының білім биігіндегі еңбегі ерен. Қызылорда облыстық мәслихатына бес мәрте сайланған депутат. Ы.Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының ректоры. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректорлығына дейін көтерілді. Танымды тұлға университетті басқарған жылдары білім ордасының халықаралық деңгейдегі қарым-қатынасы күшейіп, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау ісінде нәтижелі жұмыстар атқарылды. Ғылым мен білімге ұмтылған жастарды қолдау арқылы Сыр елі жас ғалымдарының жаңа буыны қалыптасты. Университеттің материалдық-техникалық базасы нығайып, жастарға арналған жаңа әлеуметтік нысандар бой көтерді. Білім берудің нәтижесін анықтайтын әлемдік және республикалық рейтингтерде университет жоғары орындардан көрінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<