Қызылордада ашық аспан астындағы бассейн ашылды

880

0

Қызылорда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен «Мұз айдыны» спорт кешені ғимаратының жанынан ашық бассейн салынды.

Бассейннің ұзындығы – 16,8 метр,  3 жүзу жолынан тұрады. Көлемі 128 шаршы метр, тереңдігі 80-1,75 см. Бассейн жанында киім ауыстыратын арнайы орындар да қарастырылған.

Сонымен қатар, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері сағат 10.00-12.00 және 17.00-18.00 аралығында спортшылар жаттығулар жүргізеді. Қалған уақытта қала тұрғындары үшін бассейн ашық.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<