Қызылордада Назарбаев универсиетінің ашық есік күні өтеді

327

0

Осы сенбіде, 2 қараша күні Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Назарбаев университетінің ашық есік күні өтеді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Онда шетелдік оқытушылардың презентациялары мен шеберлік дәрістері, сыйлықтар үшін конкурс ұйымдастырылады.
Университетте грант есебінде тегін оқуға мүмкіндік бар. Онда 5 бағдарлама бойынша білім беріледі:
1. Foundation
2. Бакалавриат
3. Магистратура
4. Докторантура
5. Біліктілікті арттыру бағдарламасы
Кездесуде жоғары оқу орнының академиялық бағдарламалары, грантқа түсу мүмкіндіктері мен білім алу шарттары туралы ақпарат ала алуға болады.
Мамандар мектеп оқушыларын, ана-аналарды, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін, жастарды күтеді. Ашық есік күні 2 қарашада таңғы сағат 10-да басталып, кешкі 17-ге дейін жалғасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<