Қызылордада сүт өндіру комбинаты салынады

368

0

Қызылордада сүт өндіру комбинаты салынады Ағымдағы жылы Шиелі ауданында 1200 бас ірі сүт өнімдері тауарлары фермасын іске қосып, өңірдегі табиғи сүт өндіру үлесін арттыру жоспарлануда.
Ал, келесі жылы сүт өндіру комбинатының құрылысы басталмақ. Ішкі нарықты толық қамтығаннан кейін өнімдерімізді сыртқы нарыққа да шығарылмақ.
Мал шаруашылығымен айналысатындар үшін де кепілдендірілген азық базасын құру жоспарлануда. Мал азығы өнімдері үшін берілетін жер аумағы ағымдағы жылы 1,3 мың гектарға көбейді.
Бұдан басқа, ауылшаруашылығы кооперациялары арқылы мал шаруашылығын дамытуға жеке қосалқы шаруашылықтарды мақсатты түрде тартылған.
Соңғы бір жарым жылда 2320 жеке қосалқы шаруашылықтан құрылған 105 кооперативтің 73-і мал шаруашылығын дамытуға бағытталған. 801 отбасылық мал бордақылау алаңы мен 385 сүт өнімі қожалықтары құрылды. Бір ғана 2018 жылы 250 жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіру жолымен 18 кооператив құрылды. Егер 2017 жылы кооперативтер 1 жылда 342 тонна ет пен 133 тонна сүт өндірсе, 2018 жылдың І тоқсанында ғана олар 206 тонна ет пен 252 тонна сүт өндірілген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<