Қызылордада жаңа жылдың алғашқы күнінде 38 нәресте дүниеге келді

114

0

Қызылордадағы облыстық перинаталдық орталықта жаңа жылдың алғашқы күнінде 38 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сәбилердің басым бөлігі – ер балалар. Тышқан жылының бірінші тәулігінде 26 ер бала өмірге келген.
Айта кетерлігі, облыстық перинаталдық орталықта жылма-жыл 10-11 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Ол облыс бойынша көрсеткіштің 60 пайызға жуығын құрайды.
«Жақында облыстық перинаталдық орталықтың 80 жылдық мерейтойын атап өттік. Орталықтың материалдық-техникалық жағдайы жақсара түсті. Соңғы жылдары заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталды. Дәрігерлер шетелдерде оқуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде нәрестелердің шетінеуі төмендеді», – деді Қызылорда облыстық перинаталдық орталығының дәрігері Ералы Бақтыбаев.