
Дінмұхамед Қызылорда қаласындағы №11 мектептің 7-сынып оқушысы. Дарынды жас бірнеше байқауларға қатысып, өнер әлеміне қадам басып келеді. Оның академиялық бағыттағы конкурстық әні қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.
Дінмұхаммед Төлеубай гран-при иегері ретінде Витебскте өтетін ХХІХ халықаралық Славян базарына шақырту алды.