Қызылордалық қорықшы «Айбын» орденімен марапатталды

401

0

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Әділ Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Қызылорда өңірлік филиалының инспекторы Әділ Шарапатдинұлы Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталсын (марқұм)», -делінген Жарлық мәтінінде.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<