Қызылордалық түлектер 9 пунктте тест тапсырады

315

0

Облыстағы 7113 мектеп бітіруші үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау аяқталды. Аттестаттау қорытындысымен «Алтын белгіге» 343 үміткердің 318-і, «Үздік аттестатқа» 232 үміткердің 215-сі білімін дәлелдеді (2017 жылы «Алтын белгі иегері» – 397, «Үздік аттестат» иегері – 208).
Ұлттық бірыңғай тестілеу облыста 3 күнде 20-22 маусым аралығында 9 тестілеу пунктінде өтеді. Атап айтқанда, 20 маусым күні Қармақшы (267 бала), Сырдария аудандары (216 бала) мен Қызылорда қаласы (661 бала) және №4 дарынды балаларға арналған, №9, 10 «Білім-инновация» мектеп-лицейінен (104 бала) барлығы 1248 бала қатысуда. 21 маусым күні Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, 22 маусым күні Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Қызылорда қаласынан тапсырады.
Биыл министрліктің ұсынысына сәйкес тестілеу барысында онлайн трансляция жүргізіледі. Кез келген ата-ана тестілеу пунктіне бармай-ақ балалырының тест тапсыру сәтін телефон немесе компьютер арқылы бақылай алады.  Осыған орай тестілеу пункттері қажетті жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен және бейнекамералармен жабдықталды.
Тестілеу нәтижесін testcenter.kz сайтынан көре алады және күні бойы 88000807177 нөмерде call-center жұмыс жасайды.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<