Жаңақорғанда сеніп тапсырылған малды сатып жіберген қойшы қолға түсті

736

0

Жаңақорған ауданының полиция бөліміне Бесарық ауылының тұрғыны арызданған. 15 наурызда түнгі уақытта малшы ауылдағы шаруа қожалығынан 6 бас қозыларының жоғалып кеткенін көрсеткен.


Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының барысында күдікті анықталып, ұсталды. Ол қожалықтың қойшысы болып, қозыларды сатып жібергені анықталды. Айғақ зат ретінде қозылар алынып, иесіне қайтарылды.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 1-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<