Жол қателікті кешірмейді

335

0

Қызылорда гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің әуесқой автокөлік иелері төрағаларымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу және 2020 жылдағы орын алған жағдайларға талдау жасау мақсатында әдістемелік жиын өтті.


Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы, әділет майоры Нұрмұхаммед Сейдуалиевтің жетекшілігімен өткен жиында, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің аға маманы (инспектор)-жүргізушісі ефрейтор Жасұлан Іскендіров жеке құрам қауіпсіздігінің алдын алу үшін жол-көлік оқиғаларына қатысты сақтық шаралары мен көлікпен жол жүру ережелері туралы баяндама жасады.


Жиын барысында әуесқой автокөлік иелері төрағаларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы Бас басқармасы бастығының жол-көлік оқиғаларына қатысты сақтық шаралары мен көлікпен жол жүру ережелері туралы 2021 жылға арналған талаптары түсіндірілді.
Сонымен қоса, жол жүру ережелеріне енгізілген жаңа заңдылықтар мен 2020 жылы құқық бұзушылыққа жол берген әскери қызметшілердің қателіктері де жеткізіліп, алдағы уақытта автокөлік иелеріне аталған кемшіліктерді қайталамауды жеткізу тапсырылды.


Іс-шара соңында, әділет майоры Нұрмұхаммед Сейдуалиев көлікпен жол жүру ережелерін қатаң сақтауды талап етіп, әскери бөлім мен мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар қойды.

Мұхит Қонаров , Қызылорда гарнизоны

баспасөз қызметінің бастығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<