ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ЖАҢА МҮШЕЛЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

554

0

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Журналистер одағына облыстан бірнеше қаламгер мүшелікке қабылданды. Кеше одақтың облыстық филиал төрағасы Аманжол Оңғарбаев 26 адамға мүшелік билет табыстады. Олардың қатарында аға буын өкілдері мен жас қаламгерлер де бар.

Шарада филиал төрағасы бұл еткен еңбектің бір нәтижесі екенін әрі үлкен жауапкершілік жүктейтінін жеткізді.

– Журналистер одағына мүше болу – үлкен сенім. Қазіргідей уақытта сол сенімге, жалпы қаламгерлер атына кір келтірмей абыройлы қызмет ету – парыз. Сіздерді осы сенім үдесінен шығады деп білемін, – деді Аманжол Сақыпұлы.

Одаққа қабылданған аға буын өкілдері атынан Нұрлыбай Ұлықпанұлы сөз алып, ықыласын білдірді.

А.БЕК.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<