«Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі басталды

1046

0

Облыс әкімдігі мен облыстық білім басқармасы, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы, «Qazaq Epos» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтіп жатқан облыстық кезеңде 24 оқушы «Едіге батыр» жырын жатқа айтудан жарысып, бақ сынауда.

Байқаудың ашылу салтанатында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова сөз сөйлеп, талапкерлерге сәттілік тіледі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Жоба аясында аймақ мектептеріндегі кітапханалардың жағдайы жақсарып, жас жеткіншектердің көркем әдебиетке, қазақ ақын-жазушыларының классикалық шығармаларына қызығушылығын оятатын тағылымды шаралар қолға алынып отыр. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының да мақсаты – ел тағдырын биік қойған ерлік дастандармен оқушыларды сусындату, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Қала және аудандардағы іріктеулерден үздік деп танылып, облыстық кезеңде бақ сынағалы тұрған 24 өренге сәттілік тілеймін!, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.

Айта кетейік, жырға жаны құмар оқушылар «Едіге батыр» жырын жатқа, мәнерлеп, нақышына келтіре айтып шығуы тиіс. Сайыста оқушылардың жырды жатқа айтқа айту барысында кідірмей, мүдірмей оқуы, жырды толық жаттауы ескеріледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<