Қызылордалықтардың 74,46%-ы «Nur Otan» партиясын таңдады

1418

0

Бүгін облыстық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындысын шығарды.

Өңірде 492 198 сайлаушы тіркелген. Бұл – жалпы халықтың 60,7 пайызы. Саяси науқанға 363 754 мың сайлаушы қатысып, дауыс берді. Қатысу көрсеткіші – 73,90 пайыз. Республика бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан кейін екінші орында.

Қызылордалық сайлаушылар «Nur Otan» партиясына – 74,46%; «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 9,40%; «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 8,70%; «Қазақстан Халық партиясына» – 3,84%; «ADAL» саяси партиясына – 3,6% дауыс берген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<