Трамп қайтыс болды

950

0

Нью-Йорк қаласында Роберт Трамп ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген, көп ұзамай ол қайтыс болды.

АҚШ президентінің інісі Роберт Трамп 73 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды РИА Новости.

«Інім Роберттің бүгін кешке қайтыс болғанын қайғыра отырып хабарлаймын. Ол менің тек бауырым болған жоқ, ол менің ең жақын досым болды. Енді әр күніміз сағынышпен өтеді, бірақ біз әлі кездесеміз. Оны мәңгі жүрегімде сақтаймын. Роберт, мен сені жақсы көремін, жатқан жерің жайлы болсын», – деп жазылған Дональд Трамптың мәлімдемесінде.

Бұқаралық ақпарат құралдары Роберт Трамптың Нью-Йорк қаласында ауыр хәлде ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған еді.  АҚШ президенті жұма күні інісінің жағдайын білуге барған.

Соңғы рет Роберт Трамп туралы БАҚ шілде айында жазған болатын. Ол АҚШ президенті туралы кітап жарияламақ болған ағасы Фредтың қызы Мэри Трампты тоқтатуға тырысты. Мэри өз кітабында 1981 жылы Дональдтың хәл үстінде жатқан ағасы Фредпен қоштасуға келмегенін жазған.

Sputnik

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<