Зияткерлік мектеп ұжымы Елбасының сауығып кетуін тілейді

1062

0

Елімізді жауалған қауіпті індет Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты да айналып өтпеді. Елбасымыздың денсаулығына алаңдаған Қызылордадағы Зияткерлік мектеп ұжымы оның тез арада сауығып кетуін тілейді.

«Елбасы бойындағы күш-қуаты мен жігерлігі оның вирустық инфекцияға төтеп беріп, деніне шипа болатынына сенімдіміз. Ел болашағы – жастардың сапалы біліммен қаруланып, адами құндылықтарды бойларына дарытатын маңызы зор бастамалардың негізін салушы Нұрсұлтан Әбішұлына амандық тілей отырып, мемлекет дамуы үшін жасап жатқан игі істерінің куәсі болатынымызға сенімдімін», – дейді Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бахыт Жұматай.

«Біз жастар үнемі Нұрсұлтан Әбішұлының қамқорлығы мен қолдауын сезініп жүрміз. Елбасының мықтылығы оның бұл үлкен сынақты ойдағыдай еңсеріп, аурудан тезірек айығуына жәрдем болатынына сенім мол. Нұрсұлтан Әбішұлына мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз», – деп өзінің тілегін мектептің өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы Томирис Жұмағалиева білдірді.

Сондай-ақ мектеп ұжымы қазіргі күрделі жағдайда пандемиямен күресу жолында халқымызға барлық сақтық шараларды бұлжытпай орындауға және өз қауіпсіздігі үшін ортақ тәртіпке бағынуға кеңес береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<