Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

497

0

Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты.

«Бүгін таңертең қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер»,«Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды» делінген хабарламада.

Нұртілеу Иманғалиұлы 1952 жылы 1 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ телевизиясында тілші, редактор, аға редактор, комментатор, бас редактор, саяси шолушы, директордың орынбасары, «Хабар» агенттігінде модератор-жүргізуші, одан кейін Үкімет кеңсесінде сектор меңгерушісі, Президент Әкімшілігінде бас маман болып істеген.

Айта кетейік, Нұртілеу Иманғалиұлы 2006-2007 жылдары – «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

Бүгін Ұлттық арна эфирінен естелік хабарлар мен арнайы жобалар беріледі.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз