Тіршілік түлеп, адамдардың жан-дүниесі жаңғырып жатқан осы күні мәдениет қызметкерлері өзінің өнерімен, өзгеше реңімен баршаның қуанышына ортақтасып, шаттық күйін төгеді, қуанышын әуенін асқақтатады. Сол арқылы елмен жүрегі де, тілегі де бір екенін паш етеді.
Өткен жылы еліміз қиын кезеңді бастан кешті. Әлемге тараған дерт қадамымызды қысқартып, халықпен емен-жарқын араласуымызды шектеді. Алайда, соған қарамастан мәдениет пен өнер өкілдері елдің көз алдында болды. Әлеуметтік желі мүмкіндігін пайдалана отырып, айтулы оқиғаларда жоғары деңгейде насихаттау жұмысын жүргізді. Ұлттық өнер, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенімдердің мәнін ашып, мағынасын түсіндіретін айдарлар тұрақты түрде жұмыс жасады.
Халықтың рухын көтеретін, жанына шуақ құятын мұндай игілікті шаралар жалғаса беретін болады.
Құрметті жерлестер, мезгіл есігінен енген сиыр жылы құтты жыл болсын! Наурыз шапағаты баршамыздың берекемізді арттырсын!
Мира АБУОВА,
облыстық мәдениет,
архивтер және
құжаттама басқармасының басшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<