Қазақстандықтар жақында Күннің тұтылуын көре алады

700

0

Қазақстандықтар 10 маусымда Күннің тұтылу құбылысын көре алады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мамандардың болжамы бойынша, биыл екі рет ай, екі рет күн тұтылуы ықтимал. 10 маусымда ай күннің бетін көлегейлеп, соның әсерінен Күн тұтылмақ.

Ерекше табиғи құбылыстың ең қанық көрінісі Солтүстік Америкада, Солтүстік Мұзды мұхитта және Ресейдің солтүстік-шығыс бөлігінде, Чукоткада байқалуы мүмкін. Ал Қазақстан аумағында тұтылудың тек жекелеген фазалары ғана көрінеді деп болжанып отыр. Тіпті күнді арнайы бақыламаса, оның бетіндегі құбылысты аңғармай қалуға да болады. Мамандардың сөзіне сенсек, қазақстандықтар бұл сәтті 10 маусым күні түстен кейін көруі мүмкін.

Қазақстандықтардан бөлек Ресей, Украина, Беларусь, Балтық елдері, Молдова, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан тұрғындары да Күннің тұтылуының куә бола алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<