Грек этносының Сырға қоныстануы

473

0

Қазақ тарихындағы репрессиямен депортация елдің әлеуметтік-экономикалық, ұлттық-демографиялық жағдайына үлкен өзгеріс әкелді.

Ұлы Отан соғысы жылдары және соғыстан кейін Қызылорда облысына күштеп көшірілген 1942 жылы Майкоптан келген гректер Қазалыны таңдады. Олардан кейін 1944 жылы Қырымнан 1240 грек Гурьевке әкелініп, «Казнефтекомбинат» өндіріс орындарына қоныстандырылды.

Гректер Қазақстанға 1949 жылы көптеп келді, 14 вагон адам Тереңөзекке, 49 вагоны Қызылорда қаласында салынып жатқан плотина құрылысына әкелінді. Олар Қызылордада қалғысы келмей қарсылық көрсеткенімен, вагондарынан күштеп түсірілді.

1949 жылы Қызылорда облысына әкелінген гректердің аудандарға қоныстануы

АудандарОтбасы саныАдам саны
1Арал181568
2Жалағаш37103
3Қармақшы84302
4Сырдария4421814
5Тереңөзек194854
6Шиелі115554
7Жаңақорған115409

1952 жылғы мәлімет бойынша Қызылорда облысында 2969, ал Қазақстанда 30482 грек ұлтының өкілі қалды. Азаю себебі өлім көп болды. Әсіресе, бала өлімі.

Гректер қазақ жеріне келгесін қуғындалды, жазаланды. Оның айқын белгісі сотталған гректер туралы мәліметтер:

Аты жөні, тегіСотталған жылыСтатьяСтатьяСотталған мерзіміАқталған жылы
1Делияниди Петр Георгиевич10.09.195258-10УК РСФСР ИТЛСоветтік үкіметті түсіру үшін агитация, жалған ақпараттарды таратқан10 жыл31.03.1989
2Константиниди Георгий Демьянович28.12.193758-6 УК РСФСРСатқындық, мемлекеттік маңызы бар, құпиясын өзге елге тарату, ұрлауАту жазасы26.02.1938
3Чайриди Соломон Панайотович15.03.193858-6, 58-8 УК РСФСРТеррористік акт, советтік үкіметке қарсы жүргізгені үшін1 жыл  10.03.1939

Сыр бойына қоныстанған ұлт өкілдері қай кезеңде болмасын, аймақтың барлық саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырып келеді. Олар облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық, мәдени-рухани шараларына белсене атсалысады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте жұмыс атқаратын, білім, ғылым, мәдениет, медицина, бұқаралық ақпарат құралдарында, спорт, құрылыс, өнеркәсіп, кәсіпкерлік саласында, ауылшаруашылық секторында да толағай табыстар мен жетістіктерге жеткен грек ұлтының өкілдері қызмет етеді.

Медицина саласында қызмет жасап келе жатқан Қызылорда қалалық ауруханасының хирургия бөлімінің дәрігері Фотиади Юрий Кузьмич Ресей Федерациясы Краснодар өлкесінің Белореченск қаласының тумасы, 1973 жылы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген.  Қызылорда қалалық біріккен ауруханасына ординатор болып жіберіліп, жедел жәрдем бригадасының дәрігері, №1 емханада хирург, 1980 жылдың наурыз айынан 1996 жылға дейін Қызылорда қалалық ауруханасында хирург дәрігері болып жұмыс істеген. 1996 жылдан 2012 жылға дейін аурухананың хирургия бөлімін басқарды. Дәрігер-хирургиялық науқастарды диагностикалаудың заманауи әдістерін, ауыр науқастарға шұғыл көмек көрсету әдістерін жетік меңгерген жоғары білікті, құзыретті маман.

Маржан Даненова,

№212 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<