12 елді мекен аяқ су насос қондырғыларымен қамтамасыз етіледі

281

0

Облыс әкімінің қолдауымен аяқ су мәселесін шешу мақсатында өткен жылы елді мекендерге 23 насос сатып алынып, жеткізіліп берілген болса, биыл 12 елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 21 насос қондырғысын сатып алуға облыстық бюджетте қаржы бөлінді.

Өткен аптада Сырдария ауданы, Төреңөзек кентінің «Айтбай арық» каналына секундына 500 л су айдайтын «СНПЭ-500/10» маркалы екі дана насос, Қармақшы ауданы, Қармақшы ауылдық округіне және Қазалы ауданы, Майлыбас ауылына екі дана насос қондырғысы жеткізіліп, ел игіліне берілді. Насос қондырғыларының уақыты келуі және оларды қабылдап, ел игіліне беру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<