2024 жылы әскери дайындыққа екі есе көп қазақстандық шақырылады

454

0

Сурет: Zakon.kz

Қорғаныс министрлігі «Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«2024 жылы әскери дайындықтан өтуі тиіс 3000 адамды әскери дайындыққа шақыру», – делінген құжатта.

Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

Бұйрық жобасы 23 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.

2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<