341 жолаушысы бар Үндістан ұшағы Астанаға қонуға мәжбүр болды

39

0

«Дели-Чикаго» бағытындағы «Air India» әуе компаниясының ұшағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына шұғыл түрде қонды, – деп Хайдарабад ҚазАқпарат әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін Астан уақытымен 07.30-да Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына «Air India» әуе компаниясының «Дели-Чикаго» бағытындағы ұшағы шұғыл жағдайда қонды. Жолаушылардың бірі демікпемен ауыратын болған, оның жағдайы нашарлаған. Әйел мен оның екі туысы Астананың №2 ауруханасына жеткізілді», – делінген ресми хабарламада.
«Boeing 777» әуе кемесінде 341 жолаушы мен 19 экипаж мүшесі болған.  Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында «Boeing 777» әуе кемесіне барлық қызмет (жанармай құю, техникалық тексеру) көрсетілді. Ұшақ Астана уақытымен 12.30-да Чикаго қаласына ұшып кетті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз