35 медаль олжалады

187

0

  Ақтауда балалар мен жасөспірімдер, кадеттер мен юниорлар, жастар жəне ересектер арасында каратэ-до шито-рюдан ел чемпионаты өтті. Тартысты додада Сыр спортшылары облыс қоржынына 35 медаль салды. 

Республиканың барлық өңірінен талапкерлер қатысқан сайыста қызылордалық Н.Құбаш, Қ.Сәдірбайұлы, Е.Кенжалиев, Ғ.Асылхан, Д.Камал, Б.Қыдырәлиев, Д.Жалғасбаева, Ә.Жайлауова, Ә.Әбдуәлиевтер чемпион атанды. Спортшыларымыз жалпы есепте 9 алтын, 4 күміс, 22 қола медальді қанжығасына байлады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<